Жанабаева Роза Абылхайатовна » Омар Молдағожин атындағы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Омар Молдағожин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72737) 4-32-44
Есепші бөлімі:
+7(72737) 4-32-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
наурыз
2023

Жанабаева Роза Абылхайатовна

Жанабаева Роза Абылхайатовна, 1963 жылы 7 қантарда Талдықорган облысы, Андреев ауданы, Саратов ауылында дуниеге келдi. 1970 жылы Саратов орта мектебiнiң 1 сыныбына қабылданып, 1980 жылы аталған мектепті бітірді. 1981 жылы Панфилов педагогикалық училишесiне түсіп. 1983 жылы бастауыш сынып мұғалімі мамандығын алып шыкты. Осы жылы Талдықорған қаласындағы педагогикалық институтына сырттай түсiп, 1989 жылы қазақ мектептерi үшiн орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша аталган оку орнын бітірді.
1983-1987 жылдар аралығында Саратов орта мектебінде бастауыш сынып мұғалiмi болып жұмыс істеді.
1987-1991 жыл аралығында №2 Кабанбай орта мектебінде бастауыш сынып мұғалiмi болып жұмыс аткарды.
1991-2004 жыл аралығында осы мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалiмi болып жұмыс iстедi.
2004-2008 жыл аралығында директордың оку ісі жөніндегі орынбасары кызметiн аткарды.
2008 жылдан бастап №2 Қабанбай орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар мемлекеттік мекемесiнде бүгiнгi күнге дейiн мектеп директоры кызметiн атқарып жүр.
Тұрмыс құрған, 2 баласы бар.

Похожие публикации: